Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

38 жастағы Сағындық Шабықбаев Хромтау қаласының әкімі болды

Опубликовано:

Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаев
Сағындық Шабықбаев. Фото: instagram.com/hromtau_audanynyn_akimdigi

Сағындық Шабықбаев Ақтөбе облысы Хромтау қаласының әкімі болып сайланды. Бұл туралы Хромтау қаласының әкімдігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

"24 қыркүйек күні өткен қала әкімі сайлауының қорытындысы бойынша Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Шабықбаев Сағындық Нұрғалиұлы Хромтау қаласының әкімі болып сайланды", - делінген хабарламада.

Сағындық Шабықбаев 1985 жылы 24 шілдеде Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылында дүниеге келген.

2003-2008 жылдары аралығында Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде инженер мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы "Ақтөбе облысының ХҚКО" РМК Әйтеке би аудандық филиалының басшысы болып бастаған.

2016-2017 жылдары – "Әйтеке би ауданы әкімі аппараты" ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы.

2017-2018 жылдары – "Хромтау ауданы әкімі аппараты" ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы болған.

2018 жылғы тамыздан осы уақытқа дейін Хромтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038601-38-zastagy-sagyndyq-sabyqbaev-xromtau-qalasynyn-akimi-boldy/

pixel