Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ақылы жолдарда жол жүру ақысы 20 пайызға өседі

Опубликовано:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда ақылы жолдарда жол жүру ақысы 20 пайызға өседі. Бұл туралы бүгінгі брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифингте Марат Қарабаев Қазақстандағы ақылы жол жүйесінде алда болатын өзгерістер туралы айтты.

"Біріншіден, біз жол жүру ақысын 20 пайызға көтеріп жатырмыз. Екіншіден, оны (тариф ред.) АЕК-пен теңестіріп отырмыз. Жыл сайын АЕК өскен сайын тариф те өседі", - дейді министр.

Бұл ретте министр еліміздегі кейбір жолдарда ақылы төлем енгізілгелі бері яғни, 10 жылдан бері тарифтер өзгермегенін атап өтті.

"Қазақстан транзиттік хабқа айналып, Өзбекстан мен Қытайдан Ресей Федерациясына сондай-ақ басқа елдерге және кері бағытта автокөлікпен тасымалданатын жүк тасымалының көлемі артып келеді. Бұл – жолға қосымша салмақ. Мақсат біреу – жолды ақылы қылу арқылы барынша жақсы сапада ұстау. Бірақ айлық абонементті сатып алуға болады. Бұл – бір реттік төлемге қарағанда арзанырақ", - дейді Көлік министрі.

Сонымен қатар министр 2 жолақты жаңа учаскелерде жүк көліктері үшін ақы енгізу мәселесі қарастырылып отырғанын жеткізді.

"Бұл Ресей шекарасынан Павлодарға, Павлодардан Қалбатауға, Өскеменге дейінгі және Ақтаудан Бейнеуге, Ақтөбеден Оралға дейінгі жол. Сондай-ақ Қызылорда-Арал учаскесі. Бұл тек жүк көліктеріне қатысты, мәселе әлі талқылануда", - дейді Марат Қарабаев.

Кейінірек Автомобиль жолдары комитетінің басшысы Төлеген Абдуллин 3 қазаннан бастап 4 жолақты ақылы жолдарда көліктің барлық түрі үшін жол жүру ақысы 20 пайызға өсетінін мәлімдеді.

"Жүк көліктері үшін де, жеңіл көліктер үшін де. Егер жеңіл көлік үшін жол жүру ақысы 1 теңге болса, көтерілгеннен кейін ол 1 теңге 20 тиын болады", - дейді ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038615-qazaqstanda-aqyly-zoldardagy-tarifter-20-paiyzga-osedi/

pixel