Тоқаев Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесті (фото)
Жарияланған күні:
Германияға ресми сапары аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің канцлері Олаф Шольцпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Германияға ресми сапармен келген мемлекет басшысы Федералдық канцлермен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізген.
Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растаған.
Сонымен қатар екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, "жасыл энергетика" және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласқан.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы мен канцлер өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, жоғары деңгейде өтетін "Орталық Азия – Германия" кездесуінің күн тәртібін талқылаған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038626-toqaev-germaniya-kancleri-olaf-solcpen-kezdesti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.