Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жолаушыларды тасымалдауға арналған жаңа 27 автобус сатып алынды

Опубликовано:

Жаңа автобустар
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Оралда автобустар паркі жаңа көліктермен толықты. Жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы 27 жайлы автобус сатып алған. Сонымен қатар қолданыста болған тағы 60 көлік желіге қосылды. Ол автобустар №5, 12, 33, 39 және 43 бағыттарда қатынап жүр.

"Қалада қоғамдық көліктер мәселесі өзекті. Кейбір маршруттарда автобустардың интервалы тым ұзақ. Ал енді бірі ескіріп тұр. Жаңадан келіп қосылған автобустардың іші жолаушыларға қолайлы. Әрі интервалды да азайтқаны анық. Осы бағытта жұмыс жүйелі жалғасса екен дейміз", - дейді қала тұрғыны Манарбек Тілепбергенов.

Жаңа автобустардың кілттерін беру
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдаушы кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау арқылы жүзеге асырылған.

"2022 жылы осы бағытта қалалық кәсіпорындарға бюджет есебінен 3,9 млрд теңге көлемінде субсидия берілді. Ал биыл 5,2 млрд теңге қарастырылып отыр", - деп жазды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаңа автобустар
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Қалада қазір күніне 250 автобус желіге шығады. Олар 27 қалалық, 10 саяжайлық және 6 қала маңындағы қозғалыс бағыттары бойынша қатынайды. Әкімдік өкілдері жыл соңына дейін тағы жаңа автобустар сатып алу жоспарланғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038783-oralda-zolausylardy-tasymaldauga-arnalgan-zana-27-avtobus-satyp-alyndy/

pixel