Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей СІМ Қазақстанның санкцияларды ұстану ниетіне байланысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қазақстан мен Ресей туы
Қазақстан мен Ресей туы. Көрнекі фото: Oleksandr Filon / Getty Images

Ресей Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ресей Федерациясына санкциялық режимді сақтау ниетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі екіжақты байланыстарға сыртқы теріс әсердің алдын алу үшін қазақстандық тараппен жұмыс істеуге үміттенетінін мәлімдеді.

Басылым Ресей Сыртқы істер министрлігі осылайша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Батыс елдерінің санкциялық режимін ұстануға ниеті туралы сөзіне жауап бергенін хабарлады.

"Біз Қазақстан Республикасының үшінші елдермен қарым-қатынасына араласпаймыз, сонымен қатар біз Мәскеу мен Астана арасында стратегиялық серіктестік пен одақтастық ретінде айқындайтын келісімдердің тұтас жиынтығы бар екеніне сүйенеміз", - деп хабарлады Ресей Сыртқы істер министрлігінен.

Ресей Сыртқы істер министрлігі екіжақты байланыстың мұндай сипаты саясат пен қауіпсіздік, сауда және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды қамтитынын атап өтті.

"Біз тату көршілік байланысымызға, оның ішінде өте ауқымды және екі елге де үлкен пайда әкелетін және талаптарға толық сәйкес келетін сауда-экономикалық ынтымақтастықпен қоса, теріс сыртқы әсерлердің алдын алу үшін қазақстандық әріптестерімізбен тиімді жұмыс істейміз деп санаймыз", - деп мәлім етті Ресейдің Сыртқы істер министрлігінен.

Еске салайық, кеше Германия канцлері Олаф Шольцпен бірлескен брифингте президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт келіссөздердің маңыздылығына тоқталып, қазір парасатты дипломатияның дәуірі келе жатқанын айтқан болатын.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Ресеймен қарым-қатынасы, санкцияларды сақтау туралы сауалға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038790-qazaqstannyn-sankciyalardy-ustanu-nietine-bailanysty-reseidin-syrtqy-ister-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel