Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облыстық полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Мұқашев
Нұрсұлтан Мұқашев. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев тағайындалды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев таныстырған.

Нұрсұлтан Мұқашев 1977 жылы 22 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облыстық ІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы болып бастаған.

Кейін Қарағанды облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған.

2010-2020 жылдары Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов полиция бөлімін, Саран қаласы ІІБ, Қарағанды қалалық ПБ, Шахтинск қаласы полиция бөлімін басқарған.

Сондай-ақ Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болған.

Осы тағайындауға дейін Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039108-aqmola-oblystyq-policiya-departamentine-zana-bastyq-tagaiyndaldy/

pixel