Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің депутат" басылымының қорытындысы бойынша үздік депутаттар анықталды

Опубликовано:

Оразалин Медет Бектасұлы. Редакция алқасының Төрағасы
Оразалин Медет Бектасұлы. Редакция алқасының Төрағасы. Фото: deputat-kaz.kz

Депутаттарға арналған "Біздің Депутат" республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2023 жылғы қорытындысы негізінде республика көлемінде үздік мәслихат төрағалары мен депутаттары анықталды.

"Үздік мәслихат төрағасы" номинациясы бойынша 233 өңірлік мәслихат төрағасының төртеуі үздік деп табылды. Атап айтар болсақ, Қызылорда облысынан Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, Павлодар облысынан Тереченко Илья Сергеевич, Орал қаласынан Қалиев Есентай Ғиниятұлы, Қызылорда қаласынан Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы "Үздік мәслихат төрағасы" медалімен марапатталады.

Мандатқа ие 3500-ге жуық депутат бар. Олардың ішінде 3300 депутат өңірлік Мәслихат депутаттары болып саналады. Солардың ішінде 900 депутат облыстар мен қалалық мәслихатта қызмет етуде. Жоғарыда атап өткен депутаттардың арасынан жыл қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттан 28 депутат, қалалық мәслихаттан 15 депутат "Үздік депутат" деп танылып отыр.

Біздің депутат
Фото: deputat-kaz.kz

Мәслихат депутаттарының қоғамдық жұмыстары ешқандай жалақымен бекітілмеген. Соған қарамастан сайлаушылардың қолдауына ие болған әрбір мәслихат депутаты қоғамға қызмет ету жолында орасан зор үлес қосуда.

Мұндай марапаттар депутаттардың мәртебесін өсіріп, халық алдында игі жұмыстар жасауына, демеушілік пен қайырымдылық істеріне белсенді атсалысуына ықпал етеді.

Біздің депутат
Фото: deputat-kaz.kz

Депутат - атақ және мансап иесі емес. Мәслихат депутаттары жалақы алмаса да, шын жүректен қоғамдық іспен айналысатын әр түрлі маман иелерінен құралған қоғамдық азаматтар тобына жатады. Олардың арасында танымал бизнесмен, меценат, әртүрлі партия мүшелері, Қазақстанның ішкі туризміне жоғары деңгейде үлес қосып жүрген кәсіпкер мен Халықаралық Параолимпиада жүлдегері, қоғамдық ұйым жетекшілері, ауылшаруашылық мамандары, құрылысшылар мен спорт саласының майталмандары, дәрігер, ұстаздар да бар.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039112-bizdin-deputat-basylymynyn-qorytyndysy-boiynsa-uzdik-deputattar-anyqtaldy/

pixel