jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Халық өзі шешеді": СІМ Максим Галкиннің концерті төңірегіндегі шуға пікір білдірді

    Максим Галкин
    Максим Галкин. Фото: instagram.com/maxgalkinru

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елімізде концерті өтпей қалған ресейлік әзілкеш Максим Галкинге қатысты дауға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствода өткен брифингте БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа Ресей тарапы Қазақстанда Максим Галкиннің концертін өткізбеу жөнінде хат жолдаған деген ақпаратқа түсінік беруді сұраған еді. 

    "Мен ондай хат жайында алғаш рет естіп отырмын. Тіпті ондай хат болған күннің өзінде концерт ұйымдастыру мәдениет ұйымдарымыздың құзіретіне кіреді. Халық кімді тыңдайтынын, кімді тыңдамайтынын өзі шешеді. Мен өнер, жалпы мәдениет саясаттан тыс болуы тиіс деп есептеймін", — деді Айбек Смадияров.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.