Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл оңай емес": СІМ Еуроодақтың қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету мүмкіндігі туралы айтты

Опубликовано:

Жолаушы
Жолаушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Еуроодақтың қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Смадияров осыдан алты ай бұрын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге барғанын еске салды.

"Виза мәселелеріне жауапты Еуроодақтың жоғары лауазымды өкілдерімен кездесу өтті. Еуропалық тарап бізге виза алуды жеңілдетеді деп келісілді", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл диалогты жалғастыру үшін Қазақстанның Брюссельдегі және тікелей Қазақстандағы елшілігінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

"Өткен аптада консулдық мәселелерді қадағалайтын СІМ-нің орынбасары Қазақстанда тіркелген Еуропа елшіліктерінің өкілімен кездесті.

Еуропалық тарап бұл үдеріске үлкен қызығушылық танытты. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бірақ нақты мерзімдері жоқ. 27 мемлекет бар. Бұл оңай емес, бұл үлкен бюрократия. Осының барлығын еңсеріп, визалық режимді жеңілдету туралы келісімге келу керек", - деді Айбек Смадияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039168-bul-onai-emes-sim-euroodaqtyn-qazaqstandyqtar-usin-vizalyq-rezimdi-zenildetu-mumkindigi-turaly-aitty/

pixel