Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғабит Садырбеков Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Ғабит Садырбеков
Ғабит Садырбеков. Фото: Қаржылық мониторингі агенттігінің сайты

Президент өкімімен Ғабит Садырбеков Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында туған.

2001-2017 жылдары – прокуратура органдарында қызмет етті.

2017-2020 жылдары – банк саласында жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі.

2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы.

2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039292-gabit-sadyrbekov-bas-prokurordyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel