Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы мен Павлодар облысына жаңа прокурорлар тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Папка ұстаған қызметкер
Папка ұстаған қызметкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы мен Павлодар облысына жаңа прокурорлар тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратура ресми сайтында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы президентінің келісімі бойынша Бас прокурордың 2023 жылғы 3 қазандағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облысының прокуроры болып, мемлекет басшысының келісімімен Алматы қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Серік Ақмырзаұлы Кәріпбеков тағайындалды", - делінген хабарламада.

Серік Кәріпбеков 1973 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Түркия Республикасының Стамбұл университетін бітірген.

Серік Кәріпбеков
Серік Кәріпбеков. Фото: Бас прокуратураның ресми сайты

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Бірқатар жауапты қызметтерді атқарған, соның ішінде бөлім және басқарма бастығы, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары болған.

2020 жылдың маусымынан бастап Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеген.

Берік Жүйріктаев 1978 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, "Тұран" университетінің түлегі.

Берік Жүйріктаев
Берік Жүйріктаев. Фото: Бас прокуратураның ресми сайты

Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін 2018 жылдан бастап Алматы қаласының прокуратурасын басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039337-almaty-qalasy-men-pavlodar-oblysyna-zana-prokurorlar-tagaiyndaldy/

pixel