Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Того Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Гнассингбе. Фото: telegram.org/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтіп, Қазақстанның аталған құрлықтағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін айтқан.

Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Осыған байланысты мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара бейілді екенін растаған.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында президенттер сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039368-toqaev-togo-respublikasynyn-prezidenti-for-gnassingbemen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel