Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытжан Ілияс Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Бақытжан Ілияс
Бақытжан Ілияс. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Бақытжан Нәссенұлы Ілияс Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Бақытжан Ілияс 1982 Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Түркістан қаласында дүниеге келді. 

Қазақ гуманитарлық заң университетін, Ресей президентінің жанындағы ауылшаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы электр құралдарын шығарушы компанияда есепші болып бастаған. 

Ұзақ жыл бойы электр энергиясын өндіру мен бөлуге мамандандырылған коммерциялық құрылымдарда және тау-кен кәсіпорындарында жұмыс істеген. Әр жылдары ішкі аудит басшысы, директордың орынбасары, басқарушы директор, бірінші басшының көмекшісі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ "Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, "Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы" АҚ-ның басқарма төрағасы болған.

2022-2023 жылдары "Қазақстан цифрлық энергетика қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039377-baqytzan-iliyas-energetika-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel