Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жаңа зауыт өз жұмысын бастады

Жарияланған күні:

Kaz Fries
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Қызылорда облысына 472 млрд теңге инвестиция тартылды. Жеке қаражат көздерімен өңір аумағында әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтерді. Жаңа өндіріс орындары іске қосылды.

Солардың бірі – бірнеше күн бұрын жұмысын бастаған «Kaz Fries» мұздатылған фри зауыты. Қазірде өндірісте 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сағатына 300 киллограмды құрайтын фри өнімін шығаруға қауқарлы. Зауыт «Абай-Дәулет» серіктестігіне тиесілі.

Айта кетейік, аталмыш серіктестік фри шығарудан бұрын Қызылорда облысында күріш өндірісімен, мал шаруашылығымен, ет өндірумен және көкөніс егумен айналысуда. Зауыттың ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен зиялы қауым мүшелері қатысты.

Kaz Fries
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы, «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында өндірісті, шағын және орта кәсіпкерлікті жүйелі түрде дамытып, бәсекелестік арқылы бәріне бірдей мүмкіндік беру қажеттін атап өткен болатын. Аймағымызда бұл бағытта ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Жаңа зауыттан шыққан жартылай дайын өнім қолжетімді бағада халыққа ұсынылады. Бұл бастамалар жалғасын тауып, зауыт өнімдері аймағымыздан тыс көрші өңірлерге, шет елдерге экспортталып, облыстың экономикалық дамуына зор үлесін қосады деп сенім білдіремін. Біз туған жерінде адал еңбек етуді мақсат тұтқан, өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға ниет білдірген әрбір кәсіпкерді қолдауға дайынбыз! Жаңа зауытты ашқан шаруашылық басшысы Мұрат Абайұлына зор ризашылығымызды білдіреміз», - деді.

Зауыт құрылтайшысы - «Абай-Дәулет» ЖШС басшысы Мұрат Сарсенбаев. Ол бұл идеясын жүзеге асыра отыра халық көп тұтынатын фри өнімін сапалы әлі зиянды қоспаларсыз әзірлеуді көздейді.

Зауыт жайлы өз сөзінде, «Әлемде көп елдерде екінші нан деп аталатын , адам азығы үшін ерекше өзіндік орны бар картопты Қазақстанда көптеп егіліп мол өнім алсақ та, өте көп тұтынсақ та, отандық өніміміз дастарханымызға тек асып немесе қуырылып келуден әрі аса алмай жүргенін білесіздер . Тек жастар ғана емес картоп фриі мен чипсыді жасы үлкендер де іздеп жүріп , сүйсініп жейтін жағдайға жетті. Соның бірі өзім болдым. Елімізде көп өңір қолға алып құрылысын саламыз, өзіміз өндіреміз деп оқталып , бәрі аяқсыз қалғандықтан ешкім әлі шығармаған екен»,- деді.

Kaz Fries
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, зауыттың ашылу салтанатында Марат Сарсенбаев Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, ал серіктестік қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сыр елінің сүйінші жаңалықтары бұнымен бітпек емес. Облыс аумағында «Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы», «Индустрияландыру картасы» шеңберінде өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған 46 жоба іске аспақ. Жалпы құны - 980 млрд теңге. Аграрлық салада күріш өңдейтін, балық ұнын өндіретін зауыттар бойкөтермек. Келер жылға дейін экспортқа бағытталған құс фабрикасы, көкөніс сақтау қоймалары және 3 күріш ақтау зауыты өз жұмысын бастамақ. Сонымен қатар, сүт өңдейтін цех, әк және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты іске қосылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039555-qyzylorda-oblysynda-zana-zauyt-oz-zumysyn-bastady/