Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мемлекеттің тірегі – адал азаматтар": Тоқаев біліммен қатар өнегелі тәрбиенің маңыздылығына тоқталды

Опубликовано:

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде ұстаздар оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керектігін баса айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекеттің тірегі – адал азаматтар. Елімізде осы қағидаға негізделген жаңа қоғамдық этика орнығуға тиіс. Қазақта "Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы" деген сөз бар. Мектеп ізгілік қағидаларын, адамзатқа ортақ құндылықтарды балалардың бойына сіңіретін орталыққа айналуы керек.Жас ұрпақ әділ, адал, үнемшіл, еңбекқор, білімпаз, отаншыл әрі жанашыр болуға ұмтылуы керек. Ұлттың жаңа сапасы дегеніміз – осы", - деді президент.

Мемлекет басшысы тәрбие ісінде ұлттық педагогика бастауларын да назардан шығармаған жөн екенін атап өтті.

"Балаларымыздың бойына қазақтың салт-дәстүрі мен құндылықтарын сіңіру аса маңызды. Халқымыз қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Қадір-қасиет, абырой, парыз секілді ұғымдарға атүсті қарамаған. Яғни, төл мәдениетіміз де жастар тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Еңбекқорлықты дәріптеу үшін балаларды жастайынан еңбекке баулу қажет", - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ұстаздардың мәртебесі, беделі жоғары болуына әрдайым баса мән беретінін жеткізді.

"Білім беру саласының алдында ауқымды міндет тұр. Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Әрбір бала мектептен сапалы білім алып, жақсы адам, адал азамат болып шығуы керек. Бәріміз осы маңызды мақсат жолында табанды еңбек етуіміз қажет.

Ұлы Абай "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деген. Сіздер осы қастерлі миссияны әрдайым абыроймен атқарасыздар деп сенемін. Мемлекет ұстаздардың мәртебесі, беделі жоғары болуына әрдайым баса мән береді", - деп президент баяндамасын аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039680-memlekettin-tiregi-adal-azamattar-toqaev-bilimmen-qatar-onegeli-tarbienin-manyzdylygyna-toqtaldy/

pixel