jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Тәжікстан президентін туған күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон  телефон арқылы сөйлесті
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тілеген.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға Тәжікстан президентінің қосқан жеке үлесі туралы жоғары пікір білдірген.

    Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеге және Эмомали Рахмонның Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларын да оң бағалаған. Бұл сапарлар қазақ-тәжік қатынастарының ерекше сипатқа ие екенін көрсеткен.

    Бұдан бөлек, президенттер өңірлік күн тәртібін, сондай-ақ трансшекаралық су көздерін пайдалану және сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылаған.

    Тоқаев Тәжікстан президентін туған күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.