Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото : t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ақорданың мәліметінше, мемлекеттер басшылары шынайы достық пен өзара ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың жай-күйіне көңілдері толатынын айтты.

Сондай-ақ олар ең жоғары деңгейдегі ықпалдастық қарқынын сақтауға дайын екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде атап өтті.

Президенттің пікірінше, Қатар әмірінің жуырдағы сапары және Астана халықаралық форумына қатысуы қазақ-қатар ынтымақтастығына тың серпін берді.

"Әңгімелесу барысында екі ел басшылары бұған дейін қол қойылған келісімдер негізінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, сонымен қатар серіктестікті одан әрі кеңейту бағыттарын айқындады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039784-toqaev-qatar-amiri-seix-tamim-ben-xamad-al-tanimen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel