Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов Назарбаев атындағы университет, мектептер мен Жоғары қамқоршылық кеңесті басқаратын болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: t.me/aqorda_resmi

Премьер-министр Әлихан Смайылов Назарбаев атындағы университетті, зияткерлік мектептерді, Жоғары қамқоршылық кеңесін, сондай-ақ қорды басқарады, деп хабарлайды Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Назарбаев Университеті, НЗМ және Назарбаев қорының және Жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы болды.

Әлихан Смайыловтан басқа кеңес құрамында:

  • премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
  • премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова;
  • президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ирғалиев;
  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек;
  • "Назарбаев Университеті" автономды білім беру ұйымының президентінің міндетін атқарушы Илесанми Адесида бар.

Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы қамқоршылық кеңестің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Биыл маусым айының соңында сенат Назарбаевты өз атындағы мектептер, университет және қор кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдаған еді.

"Назарбаев Университеті" ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, университеттің, Зияткерлік мектептердің және қордың жоғарғы басқару органы Жоғарғы қамқоршылық кеңес болып табылады.

"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Университеттің басқару органдары:

  • Жоғары қамқоршылық кеңес;
  • Университеттің Қамкоршылық кеңесі;
  • Университеттің атқарушы органдары.

Еске салайық, осы жылы мамыр айының соңында "Назарбаев Университеті" президенті Шигео Катсудың отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Басшының міндетін атқарушы болып Илесанми Адесида тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039891-smaiylov-nazarbaev-atyndagy-universitet-mektepter-men-zogary-qamqorsylyq-kenesti-basqaratyn-boldy/