Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Университетінің президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

Шигео Катсу
Шигео Катсу. Фото: Facebook/Nazarbayev University

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кететінін мәлімдеді. Оның міндетін уақытша Илесанми Адесида атқаратын болады. Бұл туралы университеттің ресми сайтында хабарланды.

"13 жылға жуық қызмет атқарғаннан кейін президент Катсу өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы Назарбаев Университетін концепциядан Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдырған президент Катсуға көрнекті көшбасшылығы мен көрегендігі үшін зор алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.

Назарбаев Университетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шигео Катсу 2023 жылдың 15 маусымынан бастап отставкаға кетеді.

Дегенмен, Шигео Катсу президенттік қызметтен кетсе де, Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде университеттің дамуына үлесін қоса бермек.

"Ол Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады. Президент Катсудың тәжірибесі мен көшбасшылығы Қазақстанның білім беру саласын одан әрі дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар Шигео Катсу университет президентінің міндетін атқарушының кеңесшісі қызметін атқарады", - деп қосты Назарбаев Университетінің өкілдері.

Назарбаев Университеті оқу орнының жаңа президенті тағайындалғанша, Шигео Катсудің міндетін провост Илесанми Адесида атқаратын атап өтті.

Илесанми Адесида
Илесанми Адесида. Фото: nu.edu.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022408-sigeo-katsu-nazarbaev-universitetinin-bassysy-qyzmetinen-ketedi/

pixel