Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Опубликовано:

Астанағы Ақорда ғимараты
Ақорда. Фото: Facebook/AkordaPress

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысының қорытындысы жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Жақыпов президентке "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелері таныстырды.

Сонымен қатар Қорға қарасты компаниялар тобының маңызды жобаларын жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді. Мәселен, жыл соңына дейін алты ірі жобаны, атап айтқанда Астрахан-Маңғышлақ су құбырын реконструкциялау, "Сарша" және "Жылы жағажай" елді мекендеріне газ құбырын тарту, Бейнеу-Жаңаөзен газ құбырының 2-ші желісін және Мақат-Солтүстік Кавказ газ құбырының лупингін салу, бірінші ГРЭС-тің 1-ші блогын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесіне қарасты батыс аймағындағы электр желілерін күшейту жобаларын аяқтау жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Жақыпов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Жақыпов. Фото: aqorda.kz

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына қор активтерін жекешелендіру жоспарының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді. Биыл 10 қарашаға дейін KEGOC компаниясының SPO-сын аяқтау жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қорына қарасты бейінді емес активтерді жекешелендіру және компанияларға халықтық IPO өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039921-toqaev-samuryq-qazyna-aq-basqarma-toragasy-nurlan-zaqypovty-qabyldady/

pixel