jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нағи Ілиясов ауылына барды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Нағи Ілиясов ауылына барды
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды.

    Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал және К» толық серіктестігінің негізін қалаушы Абзал Ералиев Президентке кәсіпорынның табысты қызмет етіп, өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші мекемеге айналғанын жеткізді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев спорт кешенін аралады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Сонымен қатар өнімді еңбектің арқасында туған өлкенің дамуына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.

    Орталық алаң
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Президент «Абзал және К» шаруашылығының демеушілігімен салынған ауылдың орталық алаңын, спорт кешенін аралап көрді.

    Орталық алаң
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Спорт кешенінде жергілікті халық футбол, волейбол, үстел теннисі және күрес түрлерімен емін-еркін шұғылдана алады. Мемлекет басшысы спорт кешенінде жеткіншектермен әңгімелесті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев спорт кешенін аралады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    "Спортпен шұғылдану керек. Әсіресе, өздеріңіз сияқты жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуі қажет. Себебі Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Жастардың дені сау болса, мемлекет те қуатты болады. Сыр елінен мықты спортшылар шыққан. Әлі де көптеген чемпиондар шығады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.