jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев салынып жатқан "Қызылорда-Жезқазған" автожолына қатысты тапсырма берді

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына ресми сапары
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына ресми сапары. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қызылорда – Жезқазған" автожолын салу барысы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Бүгінде Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы жасалды.

    Сонымен қатар президентке "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығын (566 км) І санаттағы 4 жолақты жолға ауыстыру жоспарланып отырғаны туралы мәлімет берілді. Осы ретте аталған бағыттағы жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу келесі жылдан басталады.

    Мемлекет басшысы қазіргі жол, шын мәнінде, өте тар екенін атап өтіп, оны кеңейту жұмыстарын тезірек бастау қажеттігіне назар аударды.

    Президент премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға мәселені бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.

    Бұған қоса, президентке Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай космодром қалашығындағы ахуал туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін Ресей тарапымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажет екеніне назар аударды.

    Тоқаев салынып жатқан "Қызылорда-Жезқазған" автожолына қатысты тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.