Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеке демеушінің қаражатына салынған": Тоқаев "Қорқыт-ата" әуежайының жаңа терминалымен танысты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына ресми сапары
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына ресми сапары. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы ресми сапарында "Қорқыт ата" әуежайының жаңа терминалымен танысты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қорқыт ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жөнінде баяндалды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа терминал жеке демеушінің қаражатына салынып, кейін мемлекет меншігіне өткізілетінін айтты;

"Жоба құны – 20 миллиард теңге. Оның ішінде 15,7 миллиард теңге – демеушінің әуежай құрылысы үшін бөлген қаржысы. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу үшін 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Халықаралық стандартқа сай болатын әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалады", - деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа терминал келесі жылы пайдалануға берілетінін айтты.

"Нысан қолданысқа берілгеннен кейін бір сағатта 250 жолаушыға қызмет көрсете алады түрлі бағыттарға ұшатын әуе рейстерінің саны артады", - деді ол.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Қызылорда қаласында заманауи үлгіде салынып жатқан автобекеттің биыл жыл соңында іске қосылатынын және қаланың теміржол вокзалына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2040392-zeke-demeusinin-qarazatyna-salyngan-toqaev-qorqyt-ata-auezaiynyn-zana-terminalymen-tanysty/

pixel