Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қаржылық мониторингі агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары мен орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Раисов Ермұханұлы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айта кетейік осыған дейін Раисов Ұлан Ермұханұлы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қаржы мониторинг агенттігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша Раисов Ұлан Ермұханұлы 1981 жылғы 12 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1997-2001 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік академиясы.

2001-2003 жылдары - Қазақ гуманитарлық-заң университеті бітірген.

2013-2015 жылдары - University of Bath, Brunel University London (Ұлыбритания) "мемлекеттік басқару" мамандығын меңгерген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2004-2006 жылдары ҚМА Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылаушы-ревизоры болып бастаған.

2006-2013 жылдары – Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінде басшылық лауазымдардағы жұмыс.

2020 жылғы 15 қазаннан 2021 жылғы 3 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінде басқармас басшысы.

2021 жылғы 4 ақпаннан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2040511-toqaev-qarzylyq-monitoringi-agenttiginde-kadrlyq-auys-tuiis-zasady/

pixel