Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев елдегі барлық облыс орталығын екі жылдың ішінде 5G интернетпен қамту туралы тапсырма берді

Опубликовано:

модем
Модем. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы үкіметке 2025 жылдың соңына дейін барлық облыс орталығын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамтуды тапсырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумында айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Президенттің сөзінше, елімізде 5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді. Бұл процесс Қазақстанда қазірдің өзінде жүріп жатыр.

"2027 жылға дейін барлық облыс орталығын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек.

Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс.

Бұдан бөлек, бұл мақсатқа жету үшін төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызды", - дейді Қасым- Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы керек. Қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуге болады.

Айта кетелік, осы форумда президент үкіметке екі жыл ішінде жасанды интеллектіге маманданған дата-орталықтардың құрылысын жүргізуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2040680-toqaev-2025-zylga-deiin-bukil-oblys-ortalygy-5g-internetpen-qamtyluga-tiis/

pixel