Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Антикор төрағасының орынбасарларын тағайындады

Опубликовано:

Ақорда
Ақорда. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасарын және орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2040756-toqaev-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-is-qimyl-agenttiginin-orynbasarlaryn-tagaiyndady/

pixel