Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенімді серіктес": Тоқаев SpaceX компаниясының вице-президенті Лорен Дрейермен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лорен Дрейер
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лорен Дрейер. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен кездесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лорен Дрейермен кездесуде SpaceX ғарыш телекоммуникациясы саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, SpaceX компаниясының әзірлемелері жоғары технологиялардың дамуын ынталандыру үшін сұранысқа ие стратегиялық құралға айналды. Қазақстан SpaceX корпорациясын өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін сенімді серіктес ретінде қарастырады.

Өз кезегінде Лорен Дрейер StarLink компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту жөніндегі жоспары, атап айтқанда, еліміздің шалғай ауылдарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жобасы туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2040766-senimdi-seriktes-toqaev-spacex-kompaniyasynyn-vice-prezidenti-loren-dreiermen-kezdesti/

pixel