Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су ресурстары министрі неліктен бұрынғы орынбасары да өзімен бірге жаңа ведомствоға ауысқанын түсіндірді

Опубликовано:

Нұржан Нұржігітов
Нұржан Нұржігітов. Фото: facebook.com/zhambyl.gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болған кездегі орынбасары Ерболат Ибрайхановтың неліктен өзімен бірге жаңа ведомствоға ауысқанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Неге Ибрайханов? Бүгінде біздің министрліктің алдында жылдам шешімін талап ететін тариф саясаты мәселесі тұр. Оның дәл осы тариф саясатында тәжірибесі мол – 17 жыл.

Онымен Жамбыл облысында бірге жұмыс істеген бір жыл екі айда оның кәсібилігі тариф саясатындағы көптеген мәселені шешуге көмектесті. Мысалы ретінде энергетика, жылу, сумен жабдықтау саласындағы еңбекақы мәселесін айтсақ болады.

Ыбрайханов жүргізген жұмыстың нәтижесінде кейбір кәсіпорындарда жалақы 50 пайызға дейін өскенін айта аламын. Кейін ол құрылыс саласына жетекшілік етті", - дейді Нұржан Нұржігітов.

Министрдің айуынша, Ерболат Ибрайханов құрылыс саласында да тиімді жұмыс істеген. Сондықтан оның өзі басқарып отырған министрлікке ауысуын командамен ауысу деп санамайтынын, бірінше кезекте оның кәсібилігі ескерілгенін жеткізді.

"Бұны командамен ауысу деп айта алмаймын, бұл жерде оның кәсіби қасиеттері ескерілді", – дейді министр Нұржан Нұржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда 2022 жылдан бері Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған Ерболат Ибрайханов Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2040930-su-resurstary-ministri-nelikten-buryngy-orynbasary-da-ozimen-birge-zana-vedomstvoga-auysqanyn-tusindirdi/

pixel