jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Бұл – еш ақтауға келмейтін әрекет": Тоқаев Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: aqorda.kz

    ТМД-ға мүше елдер басшылары кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    "Қазақстан халықаралық өзекті проблемаларды шешу үшін лаңкестік әдістерді қолдануға мүлдем қарсы.

    Ондаған жыл бойы шешімін таппай келе жатқан міндеттерді жүзеге асыру үшін бейбіт азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетіп, террорлық акциялар жасауға болмайды. Бұл – еш ақтауға келмейтін әрекет", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сонымен қатар президент Қазақстанның халықаралық қатынастарда әділдік қағидатын орнатуды, халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшесінің заңды және егемендік құқығын ескере отырып, оны демократияландыруды жақтайтынын жеткізді.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.