Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Ерлан Құсайынов
Ерлан Құсайынов. Фото: Ақмол облысы әкімдігі

Ерлан Құсайынов Көкшетау әуежайының директоры болып тағайындалды. Бұл жайлы Ақмола облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Назарбаев халықаралық әуежайы АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа Көкшетау әуежайы филиалының жаңа директоры Ерлан Құсайыновты таныстырды", - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Құсайынов Ерлан Қажығалиұлы, 2012 жылы "Фемида" заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы "Көкшетау" авиакомпаниясында бастаған.

2014 жылдан 2019 жылға дейін - "Көкшетау" авиакомпаниясында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. 2020 жылы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы АҚ - Көкшетау әуежайы" филиалында директордың орынбасары болып тағайындалды.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, кездесуде әуе айлағын дамыту перспективалары және халықаралық рейстерді іске қосу және Қазақстан бойынша маршруттарды ұлғайту мүмкіндігі талқыланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041013-koksetau-auezaiyna-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel