Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Степногорск аумағында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр

Опубликовано:

Порт крандар
Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Степногорск аумағында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында пайдалы қазбаларды өңдейтін, көкөніс және металл бұйымдарын шығаратын нысандар бар, деп хабарлайды NUR.KZ Степногорск қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, «ADELYA GOLD» ЖШС Қарабұлақ кен орнындағы руданы өңдейтін модульдік өңдеу зауытының құрылысын жүргізуде. Кәсіпорынның өнімділігі жылына 350 мың тоннаны, құны 4,5 млрд теңгені құрайды. 110 жұмыс орны ашылады.

Зауыт жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар кезінде өндірілген 50 мың тоннадан астам кен бар, сонымен қатар тапсырыс беруші жеткізетін шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері пысықталуда.

Степногорскте электролиттік марганец және таза марганец сульфатын өндіру бойынша инвестициялық жоба басталды. «SARECO» ЖШС оны қара және түсті металлургияны балқытуда, сондай-ақ электрлі көліктердің аккумуляторларын өндіруде пайдаланады. Нысанның құны он тоғыз миллиард теңгеден асады, онда 228 жұмыс орны құрылды.

2023 жылы 1-кезеңде өндірістік қуаты жылына 7,5 мың тоннаға дейін жететін электролиттік марганец өндіріліп жатыр. Жыл соңына дейін 30 адам жұмысқа орналасады.

Моноқала әкімдігінің хабарлауынша, «Целингормаш» ЖШС-нің металл бұйымдары өндірісі жаңартылуда. Қуаты жылына 12 мың тоннаға дейін жететін роботтарды қолдану арқылы металл конструкцияларының жаңа өндірісі құрылады. Бұл жобаның құны 2,3 млрд теңгені құрайды, 40 жұмыс орны құрылады.

Қазірдің өзінде-ақ жабдыққа тапсырыс беріліп, құрылыс жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған металл бұйымдарының өндірісін жаңғырту күтілуде. Ол 2024 жылға қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Степногорск қаласында жоспарланып отырған тағы бір жоба – «Тепличные Технологии Казахстана» ЖШС-нің баклажан өсіретін филиалының құрылысы. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 130 тоннаға дейін жетеді деп күтіледі. Қазір пайдалануға беру актісін бекіту шаралары жүріп жатыр, нысанды 2023 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041119-stepnogorsk-aumagynda-iri-investiciyalyq-zobalar-zuzege-asyrylyp-zatyr/

pixel