Саин, Платонов, Оралов: Тоқаев бірнеше тұлғаны Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамынан шығарды
Жарияланған күні:
Читать на русском![Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/ed30bd1bf1de7c2c.jpeg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгертті. Тиісті жарлық "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысы мына тұлғаларды президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына енгізу туралы шешім қабылдады:
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы;
- "Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіншілігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) Борашева Гүлмира Майорқызы;
- Денсаулық сақтау министрі Ғиният Ажар;
- Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы Ехласова Әлия Айтбекқызы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жақыпова Светлана Қабыкенқызы;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы;
- Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша) Динара Болатқызы Зәкиева;
- Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Снежанна Валерьевна Имашева;
- Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы;
- М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінің провосты (ректоры) Пен Сергей Геннадьевич;
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Сәденов Ержан Сапарбекұлы.
Сонымен қатар жарлықта комиссия құрамынан бірнеше адамның шығарылғаны жазылған.
"Аталған комиссияның құрамынан: М.М. Ахметжанов, А.О. Алауханов, М.С. Бәшімов, Ғ.Б. Бейсембаев, О.А. Бектенов, Д.Қ. Қыдырәлі, Д.Қ. Мыңбай, А.Р. Оралов, А.С. Платонов, А. Саин, М.Б. Тілеуберді шығарылсын", - делінген құжатта.
Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Қазақстан президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия – мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепілдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкілеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк хатшысы жүзеге асырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2041121-sain-platonov-oralov-toqaev-birnese-tulgany-adam-quqyqtary-zonindegi-komissiyanyn-quramynan-sygardy/