Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саин, Платонов, Оралов: Тоқаев бірнеше тұлғаны Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамынан шығарды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгертті. Тиісті жарлық "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы мына тұлғаларды президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына енгізу туралы шешім қабылдады:

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы;
  • "Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіншілігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) Борашева Гүлмира Майорқызы;
  • Денсаулық сақтау министрі Ғиният Ажар;
  • Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы Ехласова Әлия Айтбекқызы;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жақыпова Светлана Қабыкенқызы;
  • Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы;
  • Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша) Динара Болатқызы Зәкиева;
  • Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Снежанна Валерьевна Имашева;
  • Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы;
  • М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінің провосты (ректоры) Пен Сергей Геннадьевич;
  • Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Сәденов Ержан Сапарбекұлы.

Сонымен қатар жарлықта комиссия құрамынан бірнеше адамның шығарылғаны жазылған.

"Аталған комиссияның құрамынан: М.М. Ахметжанов, А.О. Алауханов, М.С. Бәшімов, Ғ.Б. Бейсембаев, О.А. Бектенов, Д.Қ. Қыдырәлі, Д.Қ. Мыңбай, А.Р. Оралов, А.С. Платонов, А. Саин, М.Б. Тілеуберді шығарылсын", - делінген құжатта.

Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Қазақстан президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия – мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепілдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкілеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк хатшысы жүзеге асырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041121-sain-platonov-oralov-toqaev-birnese-tulgany-adam-quqyqtary-zonindegi-komissiyanyn-quramynan-sygardy/

pixel