Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады
Опубликовано:

17-18 қазан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады.
Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041124-toqaev-qytai-xalyq-respublikasyna-resmi-saparmen-barady/