Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ұшып келуінің сәті
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен келді. Бұны Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысын Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында ҚХР Өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды.

Екі күндік ресми сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады.

Бұдан бөлек президент Қытайға сапары аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041224-toqaev-qytai-xalyq-respublikasyna-resmi-saparmen-keldi/

pixel