Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз нәтижесінде қандай құжаттарға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің келіссөзі нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері бірнеше құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Екі ел басшының келіссөзі нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

  • Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім;
  • Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы "Тачэн – Аягөз" теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім;
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041278-toqaev-pen-si-czinpin-kelissoz-natizesinde-qandai-quzattarga-qol-qoidy/

pixel