Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Си Цзиньпиннің ресми қабылдауына келді (фото, видео)

Опубликовано:

Тоқаев пен Си Цзиньпин
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға келді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" форумының аясында бейресми жағдайда Индонезия Президенті Джоко Видодомен, Пәкістан Премьер-министрінің міндетін атқарушы Анвар-ул-Хак Какармен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвпен, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жүздесті.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ өзара ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041416-toqaev-si-czinpinnin-resmi-qabyldauyna-keldi-foto-video/

pixel