Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауда министрлігі Ресейге 106 тауар түрін экспорттауға тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Жолдағы жүк көліктері
Жолдағы жүк көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сауда және интеграция министрлігі БАҚ-та жарияланған Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

"Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынастарын реттеу Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың ережелеріне толық сәйкес жүргізіледі. Ресейге қарсы санкцияларға байланысты кез келген тауарларды Ресей Федерациясына экспорттауға тыйым салынбаған", - делінген хабарламада.

Бұл ретте Сауда және интергация министрлігі экспорттық бақылауға жататын "қос мақсаттағы" тауарлармен сауда Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан заңнамасына сәйкес мұндай тауарларға қатысты экспорт, импорт және транзит кезінде тиісті лицензия алу қажет. Экспорттық бақылау жүйесі қос мақсаттағы тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу үшін қажетті рұқсат құжаттарын алуды көздейтін сауда саясатының ерекше саласы болып табылады. Экспорттық бақылау ұлттық құзыретке жатады, ол ЕАЭО туралы шартта да бар.

Министрлік қос мақсаттағы тауарларды экспорттық бақылау халықаралық тәртіпке сай 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев сенатта Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты Қазақстан Ресейге экспорталатын кей тауарларға шектеу қойғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041817-sauda-ministrligi-reseige-106-tauar-turin-eksporttauga-tyiym-salyngany-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel