Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның үш елдегі елшілерін ауыстырды

Опубликовано:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов
Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов. Фото: gov.kz

Президенттің жарлығы бойынша Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі ауысты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Данияр Сарекенов Қазақстанның Индонезиядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан әрі Филиппин Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылған.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - деп жазылған Ақорда Telegram-дағы ресми арнасының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042111-qazaqstannyn-indoneziya-men-latviyadagy-totense-zane-okiletti-elsisi-auysty/

pixel