jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қанат Дүзелбаев СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Қанат Дүзелбаев
    Қанат Дүзелбаев. Фото: СҚО әкімдігі

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Қанат Малғаждарұлы Дүзелбаев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігі ресми сайтында.

    СҚО әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, осы тағайындауға дейін Қанат Дүзелбаев Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

    Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы туған, Торғай (қазіргі Ақмола обл) облысының тумасы. Алматының экономика және статистика академиясын бітірген.

    Еңбек жолын 1995 жылы Ұлттық банк орталығында экономист болып бастаған. Банк жүйесінде, қазынашылық, экономика және бюджетті жоспарлау саласында тәжірибесі бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.