Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ілияс Оспанов Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болды

Опубликовано:

Ілияс Оспанов
Ілияс Оспанов. Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет қаулысымен Ілияс Есетұлы Оспанов еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-минисрдің ресми сайты.

Ілияс Оспанов 1986 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон империялық колледжін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2008 жылы "Астана су арнасы" МҚК инженері болып бастаған.

2011-2012 жылдары – "Астана су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы МҚК өндірістік-техникалық бөлімінің 1-санаттағы инженері.

2012-2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінде сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс істеген.

2014 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы болған.

2014-2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2016-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2018-2020 жылдары — ҚР және Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобы директорының орынбасары.

2020-2021 жылдары — "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ президенті.

2021 жылы "QazInnovations ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі" АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылдан 2023 жылға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы болған.

2023 жылғы 30 қаңтардан бастап осы тағайындауға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042224-iliyas-ospanov-onerkasip-zane-qurylys-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel