Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық ядролық орталықтың авторлар ұжымы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Опубликовано:

ғалым
Ғалым. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен биылғы мемлекеттік сыйлық "Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер" жұмысы үшін Эрлан Батырбековтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының авторлар ұжымына берілді.

Аталған сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығына ие болған Ұлттық ядролық орталықтың авторлар ұжымының мүшелері.

1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбеков;

2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК "Атом энергиясы институты" филиалы директорының бірінші орныбасары Виктор Владимирович Бакланов;

3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Владимир Анатольевич Витюк;

4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК бас инженерінің орынбасары Денис Борисович Зарва;

5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК "Атом энергиясы институты" филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтөлеуұлы Қоянбаев;

6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК бас ғылыми қызметкері Мәжін Қанапияұлы Сқақов;

7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК "Атом энергиясы институты" филиалының бас ғылыми қызметкері Ирина Лашкаровна Тәжібаева;

8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК "Атом энергиясы институты" филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің басшысы Бауыржан Жамбылұлы Шектібаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042272-al-farabi-atyndagy-gylym-men-texnika-salasyndagy-2023-zylgy-memlekettik-syilyqtyn-zenimpazy-anyqtaldy/

pixel