Президент мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Қазақстан президенті Республика күніне арналған мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара "Ақорда" резиденциясының алдында өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.
Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042463-prezident-memlekettik-tu-koteru-rasimine-qatysty/