Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі тағайындалды

Опубликовано:

Болат Бекнияз
Болат Бекнияз. Фото: gov.kz

Үкімет қаулысымен Болат Қабыкенұлы Бекнияз Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Болат Бекнияз 1962 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, В.О. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы ҚазССР ғылым академиясының Еңбек қызыл Ту ордені Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының инженері болып бастаған.

1986-1999 жылдары – ҚазССР ғылым академиясының Еңбек қызыл Ту ордені Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері. 

1999 жылы – Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің бас маманы.

1999 жылдан 2002 жылға дейін – Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында сектор меңгерушісі, сектор бастығы, бөлім басшысы, басқарма бастығы.

2002 жылдан 2010 жылға дейін – Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында басқарма басшысы, директордың орынбасары, департамент директоры.

2010-2012 жылдары – "Еуразиялық су орталығы" ҮЕҰ АҚ директорының ғылым жөніндегі орынбасары.

2013 жыл – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы инспекторының міндетін атқарушы, Қоршаған ортаны қорғау министрінің су мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу департаментінің директоры.

2013-2014 жылдары – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясының директоры болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042553-bolat-su-resurstary-zane-irrigaciya-birinsi-vice-ministri-qyzmetine-tagaiyndaldy/

pixel