Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Ван дер Беллен
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Ван дер Беллен. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дғы ресми арнасында.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтаған.

"Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ мемлекет басшысы президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Аустрия халқына құт-береке тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042555-toqaev-austriyanyn-federaldyq-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel