Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болды

Опубликовано:

Евгений Глотов
Евгений Глотов. Фото: Астана

Астана қаласы әкімнің орынбасары болып Евгений Глотов тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Президент әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Президент әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Евгений Глотов еңбек жолын "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ-да бастаған.

Әр жылдары "Ауыл жастары одағы" ҚБ, "GP group" ЖШС және тағы басқа мекемелерде жұмыс істеген.

2015 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарған. 2015 жылғы қазаннан 2016 жылғы қазанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болған.

2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек еткен.

Соңғы жылдары Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042569-evgenii-glotov-astana-akiminin-orynbasary-boldy/

pixel