Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Аида Балаева
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Аида Балаева. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесу барысында Аида Балаева мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндаған.

Сондай-ақ министрлікті қайта құру нәтижелері, мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берген.

Бұдан бөлек, Аида Балаева президентке креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042611-toqaev-madeniet-zane-aqparat-ministri-aida-balaevany-qabyldady/

pixel