Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Галидулла Азидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Галидулла Азидуллин
Галидулла Азидуллин. Фото: primeminister.kz

Галидулла Азидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

"Үкімет қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин берген өтінішіне сәйкес Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасында бастаған. ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтер атқарған.

2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042867-galidulla-azidullin-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel