Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы шахтадағы апат: әлем елдерінің басшылары Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Елтаңба
Елтаңба. Көрнекі фото: Andrey Rudakov / Bloomberg / Getty Images

Қарағанды облысындағы кен орнында болған апатқа байланысты шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ мемлекет басшылары Тоқаевқа телефон арқылы да көңіл айтқан. Олар қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Соның ішінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты және жеделхат жолдады.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілерге көңіл айту жеделхатын Ресей президенті Владимир Путин, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан раисы Рустам Минниханов,  ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Сұлтан Раев және басқалар жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043017-qaragandy-oblysyndagy-saxtadagy-apatqa-bailanysty-alem-elderi-qazaqstan-prezidentine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel