Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жұмыссыздар саны азайды

Опубликовано:

Жаңа жұмыс орындары
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының еңбек нарығында 36 967 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл дегеніңіз өңірдегі жұмыссыздар санында кему бар деген сөз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде "Өңірлік жұмыспен қамту картасы" қолға алынған. Жоба өз тиімділігін көрсетуде, дейді мамандар. Атаулы карта аясында межеленген жоспардың қазіргі күні 84,2 пайызы орындалған. Жыл соңына дейін – 43 898 жұмыс орынын ашу жоспарлануда.

Айта кетейік, 2 930 қызылордалық ұлттық жобалар шеңберінде ашылған жаңа жұмыс орындарымен қамтылған. Бұл бағыт бойынша 2023 жылдың желтоқсан айына дейін 4 905 орын ашылу көзделсе, қазірде меже 59,8 пайызға орындалды. Сонымен қатар 8 397 облыс тұрғыны еңбек биржасы арқылы өздеріне жұмыс тапқап. Биыл 13 248 бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарда. Қазір 63,4 пайызға орындалды. Кәсіпкерлік субъектілері арқылы да жұмыссыз азаматтар жаңа жұмыс орынына орналасуда. Бұл бағыт бойынша Қызылорда облысында 9 503 адам жұмыспен қамтылған. Ал 722 қызылордалық өз бизнес идеялары арқылы мемлекеттен қайтарымсыз гранттар жеңіп алып, өзін және өзге азаматтарды да жұмыспен қамтып отыр. Жыл соңына дейін жеке кәсібін бастағанлдардың санын 1 526-ге жеткізу жоспарлануда. Қазірде 47,3 пайызға орындалған. 15 042 адам «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы арқылы субсидияланған жұмыс орындарына тартылған. Қазірде жаңа жұмысқа орналасқан қызылордалықтардың міндетті зейнетақы жарнасы 91 пайыз аударылып, 96 пайызының электрондық еңбек келісім-шарттары тіркелді.

Жаңа жұмыс орындары
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген тәртіптегі шағын несие беру ісі де өңірде жолға қойылған. Атаулы бағыт мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастарды жан-жақты қолдау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Қазірде 373 жас кәсіпкерге 1 млрд 787,4 млн теңгенің несие портфелі мақұлданған. Оның ішінде қаржыландырылғандардың саны 281 кәсіпкер. Жалпы құны 1 млрд 242,5 млн теңге несие берілген.

Жаңа жұмыс орындары
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043186-qyzylorda-oblysynda-zumyssyzdar-sany-azaidy/